$ 495.2  522.34  4.94

Алдағы 3 күнде қар жауып, бұрқасын болады

Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады.

Фото: Аргументы и Факты
Фото: Аргументы и Факты

Қазгидромет еліміз бойынша 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аумақтарында жауын-шашын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны кезекті түрде шығыс бағытқта жылжып, Қазақстан аумағына ауысады. Салдарынан жауын-шашын жаңбыр мен қар болады. Тіпті кей уақыттарда нөсер жауын-шашын болады. Көктайғақ болжанып отыр. 

Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады. 22 қарашадан бастап Сібір антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де болжанған.

Температуралық фонда күрт өзгерістер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары