Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Ертең, 21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтердің қыстағы төтенше жағдайларға дайындығын тексеру бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді.
Онда алғаш рет iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама жіберілетіні айтылған. Сынақ хабарламалары "Президенттік ескерту" немесе "Ұлттық ескерту" белгісімен келетіні жазылған.
iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына "Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту" батырмасын басып, жаңалау керек делінген.