$ 498.34  519.72  4.85

Министр: Ипотекамен үй сатып алғандар да декларация тапсырады

Тәкиевтің айтуынша, егер баспана құны 73 миллион теңгеден асып кетсе, мейлі оның жартысы қарыз ақша болсын, пәтер иесі декларация тапсыруға міндетті.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бір жыл ішінде ипотека арқылы құны 73 миллион теңгеден асатын пәтер сатып алғандар да жалпыға ортақ декларация тапсырады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше Үкімет қарапайым халық жалпыға ортақ декларациядан босатылатынын мәлімдеген. Алайда кейбір санаттағы азаматтар үшін декларация сол күйі қалады, олардың арасында бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен (биыл 73 млн теңге) асатын қандай да бір дүние-мүлік сатып алғандар да бар.

Осыған байланысты Мәжіліс кулуарында журналист қаржы министрінен ««Отбасы банк» арқылы ипотека рәсімдеп, баспаналы болғандар да декларация тапсыра ма?» деп сұрады.

Тәкиевтің айтуынша, егер баспана құны 73 миллион теңгеден асып кетсе, мейлі оның жартысы қарыз ақша болсын, пәтер иесі декларация тапсыруға міндетті.

«Сіз де мұндай жағдайда декларация тапсырасыз. Декларация тапсырғанда екі көзді көрсетесіз: мысалы 40 млн теңге өз ақшаңыз, қалған 40 млн теңге Отбасы банктен алынған қарыз деп. Қарыз болса да қарамайды, декларация тапсырасыз», - деп жауап берді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары