21.11.2024, 11:40

«Қазақский дебилизм»: Журналист қызды есіктен теріс қаратып ұзатқандарды сынады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

«Өлдің, қазақ, қор болдың» деген осы.

Қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбілдаханқызы ұзатылған қызды теріс қаратып шығаратын салтты қатаң сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Дебилизм мен далб@измде шек жоқ… Мына екі еркекке бәле бар ма десейші… шорты киген еркек қалыңдықтың етегін көтеріп... Қазақский идиотизм күннен-күнге өршіп жатыр. «Өлдің, қазақ, қор болдың» деген осы.

Қазақ қай ісін де, қай тірлігін де «бісміллә» деп оң қолымен, оң аяғымен бастаушы еді. Теріс басталған тірлік оңсын ба?!», — деп жазды ол.