21.11.2024, 14:00

Президентті өлтіруге оқталған қаскөйлер ұсталды

Фото: Pixabay

Полиция сейсенбіде қылмыскерлерге қарсы операцияны бастады. 

Бразилияның президентін өлтіруге оқталған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаскөйлер ел президенті Луис Инасио Лула да Силва мен вице-президентке 2022 жылы қастандық жасамақ болған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған. Енді күдіктілер 2024 жылы да осы әрекетке барды.

Рио-де-Жанейрода әскерилер G20 басшылары саммитінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысқан жерде қолға түскен. 

"Федералдық полиция сейсенбіде қылмыскерлерге қарсы операцияны бастады. Олар президент Луис Инасио Лула да Сильваның инаугурациясына жол бермеу және сот жүйесінің қызметін шектеу үшін мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған", - делінген жазбада.