22.11.2024, 06:30

«Қазақты өлтіретін той»: Коуч халықтың тойшылдығын «тупизм» деп атады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/roza.coach

Мен елге бергенімді жинаймын деген нәрсе, ол өтірік әңгіме.

Танымал коуч Роза Әшірбаева халықты 200-300 адамды тойға шақырып, кредитке той жасаудан біржола бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, қазақтың тойы босқа ақша шашу және кедейлікке апаратын жол.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Қазақты өлтіретін той… Қазақтың дәстүрі деген сылтаумен кредитке, қарызға кіріп, көзбояушылық жасап, 200-300 танымайтын адамның басын қосып, тойханалардың қарнын тойдыру — бұл нағыз «тупизм». Бізде қазақтар той жасау арқылы кедейлікке тап болып жатыр. Тойдан бас тарту керек. Мен елге бергенімді жинаймын деген нәрсе, ол өтірік әңгіме. Отыр да, киіз кітабыңды аш та, есепте… қанша алып келеді екен. Осынша уақытқа дейін елге қанша бердің. 1-2 миллионның басы құрыла ма, құрылмай ма? Сен қарызға жайдан-жай 5-6 миллион құртасың", - деді ол.