24.11.2024, 15:30

Шыңғысхан кезінде Қазақ елі деген мемлекет болған жоқ – Саясаткер

Уалихан Кайсаров. Фото: скриншот из t.me/readovkanews

Қазақстан Алтын орда мен Шыңғысханның мұрагері дегенді қайдан шығарды?

Ресейлік БАҚ Қазақстан және қазақтар жайлы біршама ақпарат жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кейбір қазақ ғалымдарының Шыңғысхан қазақ болған дегеніне ресейлік саясаткер Богдан Безпалько жауап берді, деп жазады Царьград.

«Бұл мүлдем дұрыс емес. Қазақстан Алтын орда мен Шыңғысханның мұрагері дегенді қайдан шығарды? Шыңғысхан көбінесе Азияда соғысты. Онда олар бүкіл Азияға біздің еліміз дейтін шығар. Неге олай жасамасқа? Бірақ қазіргі Қазақстан бұрын болған емес. Ол кезде тіпті Қазақ елі де болмады» — деп жауап берді саясаткер.

Сондай-ақ саясаткер Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық байланысы туралы әңгіме қозғады.