$ 498.51  522.84  4.81

Павлодар әкімдігі жаңажылдық безендірулерге 52 миллион теңге бөлмек

Әкімнің айтуынша, аймақта жаз мезгілі қысқа болғандықтан безендіруге көбірек қаржы бөлінеді. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында аймақтағы жаңажылдық безендірулерге қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Асайын Байханов облыс орталығында Жаңа жыл қарсаңында 52 миллион теңге бөлінетінін айтты. 

"Қалаларды безендіруге бөлінетін қаржы әр қалаға 50-60 миллион теңге аралығында. Екібастұзға 38 миллион теңге, Павлодарға 52 миллион теңге бөлінеді. Қаржының басым бөлігі мұз қалашығын салуға, көшелерді жарықтандыруға бөлінген", – деді ол.

Әкімнің айтуынша, аймақта жаз мезгілі қысқа болғандықтан безендіруге көбірек қаржы бөлінеді. 

"Халықтың көңілін көтеруге және жақсы-жайлы жер ұйымдастыруға мүмкіндіктер шектеулі. Сондықтан безендіруге, қаланы абаттандыруға, басқа да сауық-сайран шараларын ұйымдастыруға қаржы бөліп жүрміз", – деп қосты әкім. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары