$ 498.51  522.84  4.81

Қазақстан паспорты Орталық Азиядағы ең мықты төлқұжат деп танылды

Ұйым мамандары 199 елдің паспортына сараптама жасаған. 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

VisaGuide әлем елдері паспортының 2024 жылғы қарашадағы рейтингін жариялады. Қазақстан паспорты Орталық Азия елдеріндегі ең мықты төлқұжат деп танылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұйым мамандары 199 елдің паспортына сараптама жасаған. Олар ел азаматтарының осындай құжатпен қанша елге визасыз кіре алатынын, шетелге жеткен уақытта виза алу мүмкіндігін, электронды визалар және соны талаптарға қаншалықты сай екенін ескерген. Әлемдегі ең мықты құжат деп Сингапур паспорты танылды. Оның 2024 жылғы қарашадағы рейтингі 91,27 болды. Одан кейінгі орындарға испан, итальян, француз және венгр паспорттары орналасты.

Қазақстан рейтингте 106-орында тұр. Портал мәліметінше, Қазақстан 47 мемлекетпен визасыз жүйе орнатқан. Қазақстандықтар әлемнің 117 еліне визамен кіре алады. Әлемнің ешбір мемлекеті Қазақстан азаматтарына елге кіруге тыйым салмаған. Орталық Азияның басқа да елдеріне тоқталсақ, Өзбекстан 125, Қырғызстан 134, Тәжікстан 141, Түркіменстан 161-орында тұр.

Еске салсақ, биыл ақпанда Arton Capital консалтинг компаниясы әлем елдері паспорттарының рейтингін жариялаған. Онда Қазақстан паспорты ТМД елдері арасындағы ең мықты төлқұжаттардың бірі деп танылған. Қазақстан осы тізімде 93 елдің арасында 54-орынға орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары