Аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Шымкентте Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепте оқу-жаттығу кезінде курсанттар жараланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отандық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, шымкенттік полицейлер Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында оқу-жаттығу кезінде күтпеген жерден шулы граната лақтырған. Жарылыс салдарынан бес курсант түрлі дене жарақаттарын алған. Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
Аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.