27.11.2024, 00:30

Астанадағы мектепте 7-сынып оқушысы қатарласын соққыға жыққан (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде тараған видеодан жасөспірімнің қатарласымен алдымен сөйлесіп, сосын басынан бірнеше рет ұрып, тепкілегенін көруге болады.

Астанадағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын соққыға жыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Астанадағы №106 мектептің жетінші сынып оқушылары арасында, мектептің дәретханасында болған. Желіде тараған видеодан жасөспірімнің қатарласымен алдымен сөйлесіп, сосын басынан бірнеше рет ұрып, тепкілегенін көруге болады. Ал қалған оқушылар оларды ажыратудың орнынан видеоға түсірген.

Астана қалалық полиция департаменті төбелесті бастаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылатынын мәлімдеді. 

"Аталмыш дерек полицияға тіркелді. Баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін оқушының ата-анасы жауапқа тартылады. Материалдар сотқа және қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды", – делінген полиция хабарламасында.