27.11.2024, 11:40

Айырбастау пунктерінде доллар бағамы 508 теңгеге жетті

Фото: Pixabay

Ұлттық банктің 27 қарашадағы ресми бағамы бір доллар үшін 498,55 теңге болды.

Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағамы қайтадан өсті. Бірқатар қалаларда доллар 504 теңгеден асты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

09:15-тегі жағдай бойынша сатып алу-сату бойынша долларының орташа бағамы:

Астанада сатып алу – 498,98 теңге, сату – 504,00 теңге; Алматыда сатып алу – 500,98 теңге, сату – 503,75 теңге; Ақтауда сатып алу – 497,00 теңге, сату – 501,00 теңге; Ақтөбеде сатып алу – 500,50 теңге, сату – 505,50 теңге; Қостанайда сатып алу – 500,67 теңге, сату – 504,33 теңге; Павлодарда сатып алу – 500,50 теңге, сату – 504,00 теңге; Семейде сатып алу – 497,93 теңге, сату – 507,67 теңге; Шымкентте сатып алу – 501,65 теңге, сату – 503,77 теңге. Ең үлкен бағам Семейде тіркелді. Мұнда долларды сату бағамы 508 теңгеге жетті.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 қарашадағы ресми бағамы бір доллар үшін 498,55 теңге болды.