Оңтүстік Африка елдерінде болған кезде және сапардан оралғанда ауру симптомдары пайда болған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Еліміздің Тұтынушылар қоғамы ҚР Сыртқы істер министрлігіне Эбола қызбасы бойынша қолайсыз елдерге баратын адамдардың тізімдерін ұсыну бойынша жәрдем көрсету туралы және Білім және ғылым министрлігіне көрсетілген елдер студентерінің қазақстандық білім беру мекемелерінде оқуы туралы сұраныс жолдады.
Республиканың халықаралық әуежайларында Эбола қызбасы бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жалғастырылуда (жанаспайтын тепловизормен бақылау).
Жыл басынан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік шеқара өткізу пункттерінде 978 418 адамнан астам тексерілді, олардың ішінде айтылған аурулардың белгілері бар адамдар анықталған жоқ.
Қолайсыз елдерге баратын адамдарға және борт жолсеріктеріне санитариялық-бақылау пункттерінің қызметкерлері алдын алу шаралары туралы нұсқау жүргізеді.
Республиканың барлық облыстары мен аудандарында Эбола қызбасы мен басқа да инфекциялардың әкеліну жағдайына оқу жаттығулары өткізілуде.
1068 емдеу-профилактикалық мекемесінің аса қауіпті инфекциялар, оның ішінде Эбола геморрагиялық қызбасы, коронавирус анықталған жағдайда алғашқы эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге дайындығы тексерілді.
4541 дәрігер, 12685 ортаңғы медицина мамандарының қатысуымен аса қауіпті инфекциялар бойынша 714 семинар және 3093 дәрігер мен 9853 ортаңғы медицина қызметкерлерінің қатысуымен 943 жаттығу сабақтары өткізілді.
Тұрғындар үшін 481 дәріс ұйымдастырылды және оқылды, 12695 әңгіме өткізілді, 16939 үнпарақ таратылды. Барлығы 214639 адам санитариялық-ағарту жұмысымен қамтылды.
Эбола геморрагиялық қызбасы - Эбола вирусы тудыратын жұққыштығы жоғары жіті вирустық ауру. Сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті ауру - 50-90 пайызы клиникалық жағдайда өліммен аяқталады. Инкубациялық кезең 2-ден 21 күнге дейін. Адамды және кейбір приматтарды зақымдайды.
Эбола вирусы инфекция жұқтырған адам ағзасының қанымен, бөлінділерімен, органдарымен немесе басқа да сұйықтықтарымен тікелей жанасу кезінде беріледі. Адамдардың инфекция жұқтырған тірі немесе өлген шимпанземен, горилламен және орман бөкендерімен қарым-қатынасы нәтижесінде жұқтыру жағдайлары құжаттамалық жолмен расталған.
Эбола қызбасына дене температурасының күрт көтерілуі, қатты әлсіздік, бұлшық еттермен бастың сырқаттануы, сондай-ақ тамақтың сырқаттануы тән. Көбіне бұл құсумен, диареямен, бөртпемен, бауыр және бүйрек қызметтерінің бұзылуымен, кейбір жағдайларда ішкі,сонымен бірге сыртқы қан кетулермен де қоса жүреді.
Эбола геморрагиялық қызбасын арнайы емдеу жоқ, вакцина әзірлену үстінде, шамамен 2015 жылдың басында пайда болуы мүмкін.