$ 498.34  519.72  4.85

Консультациялық орталық шағын және орта бизнесті дамытуда тегін көмек көрсетеді

Енді арнайы консультативті орталықтар кәсіпкерлерге көмек қолын созатын болды. Олар қазірдің өзінде жұмысқа кірісіп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері жөнінде кеңес беруге дайын, деп хабарлайды skifnews.kz.

Астана қала әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, консультациялық орталықтар  басқа да бағдарламаларға қатысу шарты, несиеге кепілдік ету, гранттық қаржылай көмек көрсету туралы да мәселелер бойынша толық ақпарат береді.

Жаңа орталықта шағын және орта бизнесті қолдау, әйелдер кәсібін кейінгі несиелеу бағдарламасы, 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсібі кешенін дамыту, жергілікті тұтынуды өркендету жөнінде де кеңестер беріледі. Бұл бастама «Халықтық кеңес беру» деп аталып, шағын және орта бизнесті дамытуда тегін көмек көрсетеді.

— Кәсібін дамытып, жетістікке жетуге ұмтылған азаматтарға қолымыздан келгенше көмектесеміз. Күшіне сенген адам ғана мақсатына жетеді, — дейді орталық кеңесшілерінің бірі.

Консультативті орталық: Қабанбай батыр көшесі 17, 502 каб. орналасқан. Жалпы, 6-13 тамыз аралығында еліміздің ірі қалаларында мұндай 22 орталық ашылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары