27.11.2024, 17:20

Алматы маңында 7 жасар баланы мектеп автобусы басып өлтірді (ВИДЕО)

Фото: Полтова

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласының кіреберісінде орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында оқушыны автобус басып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға салдарынан 7 жасар бала қайтыс болды. Бұл деректі Алматы облысының Полиция департаменті растады.

– 27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрақ аумағында артқа жүрген кезде 7 жасар баланы қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.