$ 524.58  551.91  4.93

Көкшетауда танымал актер қамауға алынды (ВИДЕО)

Тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді.

Көкшетау қаласында отандық сериалдардан белгілі актер 4,5 мың доза синтетикалық есірткі затын сатпақ болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жуырда Көкшетау қаласында интернет арқылы есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті. Тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді.

"Қылмыстық әрекеттің дәйектерін толыққанды зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, саудаға дер кезінде тосқауыл қойылды", - делінген хабарламада.

 Тергеу барысында күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен актер екені анықталған. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары