28.11.2024, 19:00

ҰҚШҰ-ның келесі отырысы Қырғызстанда өтпек

Фото: Ақорда

Отырысқа қатысқан ұйымға мүше елдер келесі отырысты Қырғызстанда өткізу жайлы құжатқан қол қойды.

Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ұйымға Қырғыз елінің төрағалық ететінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бірлескен күш-жігер аясында ҰҚШҰ аясында ынтымақтастығымызды нығайта түсіп, сын-қатерлерге тиімді жауап бере отыра, ұйымның имиджін арттыра түсеміз деп ойлаймыз. Осы орайда Қазақстанды ұжымға сәтті төрағалық еткенімен құттықтаймын. ҰҚШҰ-ның кезекті отырысын 2025 жылдың төртінші тоқсанында өткізуді ұсынамын», - деді Жаппаров ҰҚШҰ-ның Астанада өткен жиынында.

Отырысқа қатысқан ұйымға мүше елдер келесі отырысты Қырғызстанда өткізу жайлы құжатқан қол қойды.