$ 524.58  551.91  4.93

Астанада экс-полицей 21 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Qaz365.kz
Фото: Qaz365.kz

Астана қаласында теріс себептермен жұмыстан қуылған экс-полицей жалға алған пәтерде 21 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Диас есімді полиция қызметкері Астанада 2003 жылғы қызды зорлағаны туралы ақпарат тараған. Полицияға жәбірленушінің өзі арызданыпты. Оқиға жалға алынған пәтерде болған. Күдікті Ақмола облысы полициясының қызметкері екені жазылған болатын.

Астана қаласының полиция департаменті бұл фактіні растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Тергеу жүріп жатыр. Күдікті – полицияның бұрынғы қызметкері, қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен қуылған»,- делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары