$ 524.65  552.19  5.14

Банктер шығынды клиенттер есебінен өтейді - Аймағамбетов

Депутаттың айтуынша, Салық кодексінің жаңа жобасындағы норма қабылданса, ақша аударымдары 12 пайызға қымбаттайды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Бұл туралы депутат өзінің телеграм арнасында жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексінің жобасында қарастырылған қаржылық қызметтерге қосылған құн салығын енгізу нәтижесінде банк қызметтері едәуір өсуі мүмкін екенін айтып отыр. 

– Картадан картаға аударып едім, комиссия 150 теңге болды. Егер Салық кодексінің жаңа жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар 12 пайызға қымбаттауы мүмкін. Экономика министрлігінің барлық төлем операцияларына қосымша құн салығын салу жоспары туралы айтып отырмын. Пластик карталар қолдану, картадан картаға, шоттан шотқа аудару, аударымдар және банк қызметтері айтарлықтай қымбаттауы ғажап емес, – деп жазған ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Депутат аталған жайтқа байланысты түзетулер енгізуді ұсынған. Өйткені, мұндай салықтарды қарапайым халыққа арту әділеттілік емес. 

– Банктер шығынды клиенттер есебінен өтеу мүмкіндігін ешқашан жібермейді. Бұл қайырымдылық ұйымдары емес. Бұл нормаға Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті "Атамекен" де жұмыс тобында қарсы шықты. Дегенмен, Экономика министрлігі оны сонда да кодекс жобасына енгізді. Мұндай өзгерістер біздің шығындарымызды арттырып қана қоймай, қаржы жүйесіне деген сенімді әлсіретеді. Бұл бастама бәріне қатысты. Сондай-ақ, біз бұл ережені өзгерту үшін түзетулер енгізуді ұсындық. Мұндай салықтар қарапайым халықтың иығына арту қаншалықты әділетті? – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары