$ 524.58  551.91  4.93

«Человек в маске» лақап атымен танылған блогер такси боп жүрген жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Үш балалы ананың кіші ұлының мүмкіндігі шектеулі.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

«Человек в маске» лақап атымен танылған блогер қалада такси қызметін атқарып жүрген үш балалы жалғызбасты анаға пәтер кілтін табыстап, қарыздарын жабуға мүмкіндік сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогердің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода жалғызбасты ананың кәмелетке толмаған үш баласы бары және кіші ұлының бцс, эпилепсия деген диагноздары бар екені айтылады.

«Мен жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Кіші ұлыма дцп, эпилепсиямен ауырады. Жүре алмайды, сөйлей алмайды. Қазір жасы 8-де. Оңалту курстарына, массажға тасимын. Бір жағынан баламмен бірге таксиге шығамын. Машинаны 7 жылға несиеге алғанмын. Өйткені біз қаланың сыртында пәтер жалдап тұрамыз. Ол жаққа жедел жәрдем өте ұзақ жүріп келеді. Мен бұлай такси болып жүргім келмейді. Бұл жұмыс тіпті, еркектердің өзіне өте ауыр. Шаршадым, қазір тіпті не істерімді білмеймін. Өмір сүргім келмейді десем де болады», - дейді әйел.

Ал блогер осы сәтте оған қарызын жабуға немесе ұлын емдеуге жұмсау үшін қомақты қаражат пен пәтер кілтін табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары