$ 524.58  551.91  4.93

Оралда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды

«Батыс су арнасы» ЖШС мәліметі бойынша оқиға бүгін, 29 қарашада, сағат 19.27-де болды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Оралда су құбыры жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды. Оқиға Зачаган кентінде орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Батыс су арнасы» ЖШС мәліметі бойынша оқиға бүгін, 29 қарашада, сағат 19.27-де болды.

Жаңадан салынып жатқан мешіт ауданында диаметрі 225 мм құбыр жарылған. Соның салдарынан Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлер, «Арман», «Сарытау», «Көктем», «Жақсы ауыл», «Ғалымдар ауылы» шағынаудандары сусыз қалды. Тексеру барысында өрт гидрантынан ақау шыққаны анықталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «Батыс су арнасы» ЖШС-дан 4 адам, 2 техника жұмылдырылды. Жұмысты шамамен сағат 24.00-ге дейін бітіру көзделіп отыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары