$ 524.58  551.91  4.93

Шерзаттың әке-шешесінің жағдайы қалай және қазір олар қайда тұрып жатыр

Ол оқиғадан кейін әкімшіліктен көмек болмағанын айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Талғарда бірнеше адамның қолынан көз жұмған Шерзат Полаттың әкесі Қаржайбау «Айран» арнасына сұхбат беріп, қазір қайда тұрып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір біз ата-анамызбен тұрып жатырмыз. Әкімдік тарапынан ешқандай көмек болған жоқ. Желіде біздің ақша жинап жатқанымыз туралы ақпарат тарады. Белгілі болғандай әлдекімдер атымды жамылып көмек сұраған. Менің бұған қатысым жоқ”, – дейді Шерзаттың әкесі. 

Шерзаттың әкесі бастапқыда қоқан-лоқы көрсеткендер болғанын айтты.

"Басында қорқытқандар болды. Ол туралы да ашық айтқан едім. Қазір ондай жоқ, тынышталып қалды”, – дейді ол.

Шерзаттың анасы ұлының қандай болғанын айтып берді.

"Шерзатымызды күнде еске аламыз. Оның өлімі бізге ауыр тиді. Ұлым еркін, ержүрек, мейірімді бала еді. Барлығына көмектесуге тырысатын. Ол ақкөңіл еді. Менің сөзімді жерге қалдырмайтын”, – дейді Шерзаттың анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары