Шара барысында жиналғандарға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітабы таратылды.
Алматы облысының Кеген ауылында орналасқан балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі беріліп, ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сондай-ақ аудан оталығында Алматы облысы әкімдігінен мәлім еткендей, аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.
Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысты.
- Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Сондай-ақ, биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз, - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.
Шара барысында жиналғандарға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітабы таратылды.
Кегендегі балалар өнер мектебі 2015 жылы құрылған. Мұнда балаларға домбыра, қобыз, баян, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, хореография, бейнелеу, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша білім береді. Қазір мектепте 44 педагог 890 оқушыға білім алып жатыр.