$ 523.17  550.06  4.93

Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

Жыл басынан бері Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт оқиғасы тіркелген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларды қараусыз қалдыруға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Закиеваның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда балалар үйде жалғыз қалған кезде қайғылы жағдайлар болған.

«Осы деректерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Оған қоса қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекеттік көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет», - деп жазды балалар омбудсмені.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары