$ 523.58  549.71  5.01

«Оқудан шығасыңдар»: Оралда университет деканы студенттерді негізсіз қорқытқан (ВИДЕО)

Жаңа адамдарға Ахан Тұрғынбаев пен Батыс Қазақстан университетінде оқитын біздің белсенділер арасындағы әңгіменің аудиожазбасы келіп түсті.

Фото: Жайық үні
Фото: Жайық үні

Жаңа адамдар  — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру туралы бастамасын қолдайтын патриоттық жастар қозғалысы. Біздің басты құндылықтар – еңбекқорлық, білімге басымдық беру, прагматизм және кәсіпкерлік, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өкінішке орай, біздің құндылықтарымыз, сонымен бірге Президенттің Жаңа Қазақстанды құру туралы бастамасы Батыс Қазақстан университетіндегі жаратылыстану-география факультеті деканы Ахан Тұрғынбаевта жеккөрініш сезімін тудырады.

Жаңа адамдарға Ахан Тұрғынбаев пен Батыс Қазақстан университетінде оқитын біздің белсенділер арасындағы әңгіменің аудиожазбасы келіп түсті. Бұл жазбада декан Жаңа адамдарды экстремистер мен террористер деп атап, студенттерге қозғалыс әрекеттеріне қатысуға тыйым салды, ал құлақ аспағандарды оқудан шығарамыз деп қорқытқан. Әңгімелесу нәтижесінде Тұрғынбаев біздің 7 белсендімізден ректор атына «отбасылық себептермен» оқудан шығару туралы өтінішпен арыз жазуды талап еткен. Декан бұл арыздарды бопсалау құралы ретінде күнін жаздырмай өзіне қалдырды, Жаңа адамдардың Кампусында немесе науқандарында көзге түскен студенттердің арыздарына күнін жазып, оқудан шығаруға уәде берген.

Жаңа адамдар Ахан Тұрғынбаевтың адам және азамат ретінде кез келген, тіпті ең күлкілі құндылықтарды ұстануға және президент бастамаларын қолдамауға құқылы екеніне сенімді. Алайда Тұрғынбаев оқудан шығару арқылы қорқытып, өз сенімін студенттерге таңуға тырысқаны – жол беруге болмайтын жайт.

Декан Ахан Тұрғынбаевтың мұндай әрекеті педагогикалық әдепке жатпайды. Мұндай адамның Жаңа әділетті Қазақстанның өсіп келе жатқан буынына білім беруге құқығы жоқ. Жаңа адамдар Тұрғынбаевтың дереу қызметінен кетуін талап етеді.

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтен оқу орнының қабырғасында болып жатқан жайттарға назар аударуыңызды, Ахан Тұрғынбаев өз еркімен қызметінен кетуден бас тартса, шара қолданып, кәсіби жарамсыздығына байланысты жұмыстан босатуыңызды сұраймыз.

Жаңа адамдар біздің белсенділеріміз бен жақтастарымызды қорқытуға бел буғандардың барлығына ескерту жасайды: біреуіне тиіскенде, бүкіл Қозғалыспен бетпе-бет келуге дайын болыңыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары