Тектінің ұрпағы, асылдың сынығы ғой бұл азамат.
Алматы облысы Кеген ауылында Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділовке ауылдастары ат мінгізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайраттың атқа мініп, халықтың қошеметіне бөленген сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Әлгі бейнежазбада бір топ азамат Қайрат Нұрқаділовке ат мінгізгенін көруге болады.
"Тектінің ұрпағы, асылдың сынығы ғой бұл азамат, анасы қандай парасатты жан еді. Жүрегі қазақ деп соққан Заманбек ағамыз қандай біртуар тұлға еді! Осындай ардақты ата-ананың ұрпағы Қайраттың мінгені - ат, орыны төрдегі - тақ болып аман жүрсін", "Ооо құтты болсын! Заманбектей арда азаматтың жалғыз тұяғы, қаны. Анасы да мәдениетті, сауатты керемет әйел еді", "Әкесінің басқан ізін жалғастыратын жоғарыға отырғызу керек, ел басқаратын азамат жақсыдан жақсы туады", "Әкесінің көрмеген қызығын көрсін. Лайықты", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Еске салсақ, 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауылында Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст қойылып, ас берілді.