$ 520.27  537.65  5.24

Алматыда баннер орнатушы альпинист биіктен құлап, мерт болды

Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.

Фото: 1top.by
Фото: 1top.by

Алматыда жарнама ілетін 26 жастағы альпинист 12-қабаттан 2-қабаттың балконына құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін болды. «ДДК-экстрим групп» ЖК өнеркәсіптік альпинисі Төле би көшесіндегі 16 қабатты «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатқан.

Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары