$ 520.27  537.65  5.24

6 жасар қыз джиу-джитсудан әлем чемпионы атанып, Президенттен сыйлық алды (ВИДЕО)

Екібастұздың жас тұрғыны джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған.

Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алты жасар Хадия Кунаева Қазақстан Президентінің атынан сыйлық алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Мемлекет басшысының сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов табыс етті. Ол бұл туралы 3 желтоқсанда Instagram парақшасында мәлімдеді. Сондай-ақ қыздың жаттықтырушысы, кішкентай жеңімпазды әкесі — спортшы Самат Кунаев екені белгілі болды.

"Жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысатын отбасы — спорттық тәрбиенің, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың үлгісі", – деп атап өтті өңір басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары