Айта кетейік, осыған дейін елордадағы «Астана Опера» театры жанындағы LED-экранға хакерлік шабуыл жасалғаны хабарланған болатын.
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Ресей президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келген уақытта қала көшелерінің біріндегі LED-экрандардың бірінде Украинаның туы пайда болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтыына сілтеме жасап.
Вице-министр әзірге толық мәлімет жарияланбайтынын қозғап өтті.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, толық мәліметті бере алмаймыз», - дейді Санжар Әділов.
Айта кетейік, осыған дейін елордадағы «Астана Опера» театры жанындағы LED-экранға хакерлік шабуыл жасалғаны хабарланған болатын.