05.12.2024, 17:40

2025 жылы әр баланың шотына қанша ақша түседі

Фото: Nur.kz

Инфляция қорғалған, өйткені қаражат доллармен сақталып жатыр.

Келер жылдың басында қазақстандық әр балаға 118-120 доллардан түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Былтыр “Ұлттық қор – балаларға” жобасы бірінші рет іске қосылғаннан кейін, 1 ақпанда  7 миллионға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептеп, бөлінген.

“Инвестициялық кіріске келсек, биыл 2,6 пайызбен санадық. Келесі жылы бұйырса қарап отырмыз. 3 пайызға инвестициялық түсімді болжам отырмыз. 1 қаңтардағы бала санын ескере отырып, 118-120 доллар болады деп отырмыз. Бірақ оны 1 ақпанға дейін дұрыстап есептеп айтып береміз”, – делінген хабарламада.

Ал ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің ақпаратынша, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша алдын ала есепке сәйкес, биыл балаларға тиесілі сома 890 млн доллар болмақ.

"Жан басына шаққанда – әр балаға 130 доллар. Бірақ Мәди Төкешұлы айтқандай, 1 қаңтарға дейін қанша бала дүниеге келеді, нешеуі 18 жасқа толады – осының бәрін есептеп, тиісті ақпаратты жеткіземіз. Ал инфляция қорғалған, өйткені қаражат доллармен сақталып жатыр", - деді Сүлейменов.