$ 516.93  542.52  4.98

Қазақстан құны 80 миллиард болатын әскери ұшақ сатып алды (ВИДЕО)

Америкалық C-130 Hercules моделінің жүк көтергіштігі небәрі 20 тонна.

 

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыға Қазақстан Қарулы Күштері үшін 145 миллион еуроға (80 миллиард теңгеден аса) сатып алынған ұшақ жеткізілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Airbus Defence and Space компаниясымен 2021 жылы жасасқан келісімшартқа сәйкес, екінші ұқсас ұшақ 2026 жылы жеткізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанға жеткізілген ұшақ атауы - Airbus A400M. Әскери-көлік ұшағының салмағы 37 тоннаға және толық тиелген кезде ұшу қашықтығы 3,3 мың км-ге дейін жетеді. Еліміз әлемде осындай ұшағы бар тоғызыншы мемлекет.

Airbus A400M - әртүрлі міндеттерді шешуге қабілетті әмбебап ұшақ. Ұшақ ауыр техниканы, оның ішінде бронетранспортерлерді, артиллериялық қондырғылар мен тікұшақтарды тасымалдайды. 

Сондай-ақ ұшақ төтенше жағдайларда гуманитарлық көмекті жедел жеткізу, әскерлерді эвакуациялау және тасымалдау үшін де пайдаланылады.

"A400M әскери және гуманитарлық миссияларды шешудің маңызды құралы. Бұл ұшақ Қазақстанның халықаралық бітімгершілік миссияларына қатысуының жаңа перспективаларын ашып, әлемдік аренадағы мәртебемізді арттырады", – деді Әскери-әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы, запастағы генерал-майор Алсай Жұманов.

Оның айтуынша, ресейлік Ил-76 әскери-көлік ұшағының жүк көтергіштігі 60 тоннаға дейін жетеді. Дегенмен, ол "отын тиімділігі мен заманауи технологиялар" бойынша Airbus A400M-ден төмен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары