Эстакаданың рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.
Астанада атышулы LRT-ның №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрін төсеу аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Компанияның мәліметінше, бұл сынақ кезеңі қысқы ауа райының жеңіл рельсті жолдың (LRT) жоғарғы құрылымының жай-күйіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.
«Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады. Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді», - делінген CTS хабарламасында.
Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
Келер жылдың жылы кезеңінің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады. Қыс мезгілінде қажетті материалдар дайындалады.
Эстакаданың рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.