Қаралы хабарды ақын Жанат Жаңқашұлы естіртті.
Ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға Қасымқызының өмірден өтті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қаралы хабарды ақын Жанат Жаңқашұлы естіртті.
Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға апамызға уақыт болыпты деген хабар алып отырмыз. Алла панасына алсын апамызды! Жаны жәннаттық болғай! - деп жазды ол.
Назарларыңызға ақын қыздары Жанна мен Дариға Қасымқызының әкесі жайлы берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз:
Иә, әкеміз үлкен жүректің иесі болатын. Аса балажан кісі еді. Тағдырдың түрлі тауқыметіне қарамастан бізге мейірімін төгіп, еркелетіп өсірді. Қызық қылықтарымызға балаша мәз болып, демде өлең арнайтын. Анамызға деген құрметі тіпті ерекше еді. «Семья – шағын мемлекет, Мен – Президент, сен – Премьер» деген анамызға арнаған әзіл өлеңі бар ғой. Түрлі мерекелерде, бізді қолымыздан жетектеп, алаңға апарып қыдыртып, қала берді, табиғат аясында жиі серуендететін. Поэзиядан бөлек әкеміздің өнердің де өз өкілі екенін исі қазақ жатқа біледі, – деп жазды Жанат Жанқашұлы.