Мысалы, (тәтті сусынның 1 литріне) шамамен 100 теңге (салық салынады).
Бүгінде тәтті сусындарға қосымша салық салуды қарастырып жатырмыз. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 2026 жылға дейін Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін дамыту концепциясы бекітілгенін еске салды.
«Соған сәйкес тәтті сусындарға салық салу көзделген. Біз Дүниежүзілік банкпен бірге бұл салық экономикаға қалай әсер ететінін зерттеп жатырмыз. Ұсынымдарды әзірлеп, оны Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне жолдадық. Қазір орталық органдармен (ұсыныс) талқыланып жатыр. Ұсыныс бойынша акциздің нақты сомасы біртіндеп көтеріледі. Мысалы, (тәтті сусынның 1 литріне) шамамен 100 теңге (салық салынады). Өкінішке қарай, қазір семіздікке шалдыққан балалар көбейіп жатыр. Дүниежүзілік банкпен бірге жасаған модельдеу бойынша (салық енгізілсе – автор) тәтті сусындардың сатылымы азаяды. Алайда таза суды сату көрсеткіші 40%-ға пайызға дейін көтеріледі», – деді Тимур Сұлтанғазиев Сенаттағы Үкімет сағатынан соң.