Мықты ұстаз, әр баласын біліп тұр.
Әлеуметтік желілерде жаңа тренд пайда болды. Ұстаздар оқушылардың түрін көрмей, дауысынан кім екенін анықтайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тренд бойынша мұғалім оқушыларын көрмей, теріс қарап отыруы тиіс. Ал оқушылар болса, мұғалімнің артынан келіп, бір сөз айтады. Мұғалім оқушының дауысынан оның кім екенін табады.
"Апайдың жүзі қандай жылы", "Алғашқы ұстазым есіме түсіп кетті", "Бір жылап алдым, қандай мықты ұстаз, әр баласын біліп тұр", - деп жазды желі қолданушылары.
Көпшілік мұғалім барлық дерлік оқушыны дауысынан таниды.