08.12.2024, 11:30

Оңтүстік Корея президенті елге әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады

Фото: The Presidential Office/Handout via REUTERS

"Әскери жағдайды жариялаумен байланысты жауапкершіліктен қашпаймын".  

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль ел тұрғындарына енді мұндай қадамға бармауға уәде берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен адамдардан шын жүректен кешірім сұраймын», – деді Юн Сок Ёль парламент импичмент туралы дауыс беруден бірнеше сағат бұрын.

Мұндай шара мәжбүрлі түрде жасалғанын мәлімдеді. Президент әскери жағдайды жариялаумен байланысты жауапкершіліктен қашпайтынын және елді тұрақтандыруды «Халық қуаты» партиясына тапсыратынын айтты.