$ 526.11  542.31  4.76

«8 айынан бастап үйреттік»: Төрт тіл білетін 5 жасар қыз елді тәнті етті (ВИДЕО)

Зерек қыз жылда бір тіл үйренеді.  

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Бес жастағы Айша қазақ тілінен бөлек, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік біледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бес жастағы Айша Мергенқызы қазақ, орыс, қытай және ағылшын тілдерінде сөйлей алады. Кішкентай полиглот Таңшолпан бағдарламасында қонақта болып, әлеуметтік желілерде елді сүйсінтті. 

Айшаның ата-анасы оған сегіз айлығында тіл үйрете бастаған. Зерек қыз жылда бір тіл үйренеді. Анасы Мадинаның айтуынша, Айша кішкентайынан жаңа ақпаратты тез қабылдайды. Енді ол араб тілін оқып жүр.

«Сегіз айлық кезінде күнде жәйлап ағылшын тілін қосып отырдық. Көп емес, 20-30 минут қана уақыт бөлдім. Күнделікті әрекетті автоматизмге жеткіздік. Екі жастан бастап орыс тілін қостық. Үш жас он ай кезінде біз Қытайға көштік. Сол жерде қытай балаларымен ойнап жүрді», - дейді Мадина Даниярқызы. 

Оның айтуынша, бес жасқа дейін балаларда шет тілі деген ұғым болмайды – кез келген тілді тез меңгере алады.

«Жұрттар бала шатасып кетеді деп қорқады. Ол – миф. Бала шатаспайды. Ғылым дәлелдеген. Сол туралы зерттеулер бар», - дейді анасы.  Айша өнерге де жақын. Болашақта актриса болуды армандайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары