09.12.2024, 10:20

Түркістан облысында жер сілкінді

Фото: Pixabay

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.

Бүгін таңертең Түркістан облысының Мақтаарал ауданында екі балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Сейсмикалық станциялар желісі 9 желтоқсан күні сағат 08:24-те жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезген.

«Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ», - деп хабарлады ТЖ министрлігі.