$ 516.93  542.52  4.98

Марқұм Шерзаттың әкесі 15 тәулікке қамалып, әпкесі елден шығарылатын болды

Шерзат Болаттың жақындарына қатысты сот шешімі шықты.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Азамат С.Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтығы жоқ адам ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) Б.Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарылған.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат Қ.Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған сот мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 12
Күлкілі 3
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары