Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 желтоқсанда елдің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталықта тұман.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 25-27 градус күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсед.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.
Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман.
Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с, күннің екінші жартысында екпіні 23 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.