11.12.2024, 21:30

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшеді

Фото: Astana.tv

Төтенше жағдайлар министрлігі де жұмысын күшейтеді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Тәуелсіздік күні қарсаңында полицияның күшейтілген режимге көшетінін хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Ішкі істер органдарының басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Халық демалатын мереке күндері полиция күшейтілген қызмет режиміне көшеді», - деді ол.

Еске салайық, 14 желтоқсаннан бастап Төтенше жағдайлар қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Қауіпсіздік ережелерін сақтау көптеген қайғылы оқиғаның алдын алады. Біз профилактикалық жұмыстарды күшейтеміз. Азаматтардан абай болуды сұраймыз», - деді ТЖМ басшысы.