$ 521.81  543.67  5.05

8 жасар қазақ баласы шахматтан Азия чемпионы атанды

Бұған дейін жас шахматшы «Akbulak Open-2023» халықаралық турниріне қатысып, үш мәрте күміс жүлдегері атанған.

Фото: t.me/A98_new_bot
Фото: t.me/A98_new_bot

8 жастағы астаналық оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады. №86 гимназияның 2 сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Таиландта өткен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.

Бұған дейін жас шахматшы «Akbulak Open-2023» халықаралық турниріне қатысып, үш мәрте күміс жүлдегері атанған. Әлем чемпионаттарында да Қазақстанның намысын қорғап жүр.

Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанғанын жаздық.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жас шахматшылармен кездесті.

Кездесу барысында қала әкімі жас спортшылардың еліміздің намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғап, ақыл-ойдың күшін, сол сияқты табандылықтары мен таланттарын көрсете білгенін ерекше атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары