Су тасқыны еліміз үшін үлкен сынақ болды. Алайда халық пен бизнес өкілдерінің бірлігі, қайырымдылыққа деген шынайы ұмтылысы бұл қиындықты еңсеруге мүмкіндік берді.
Көктемде Қазақстанда орын алған су тасқыны елге елеулі зиян тигізді. Бұл табиғи апаттың салдарынан 70 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 12 мыңнан аса тұрғын үй мен 7 мың саяжай зардап шекті. Су жолдарды шайып, құнарлы жерлерді жарамсыз етті, ал көптеген адамдар баспанасы мен дүние-мүлкінен айырылды.
Мемлекет тез арада қолдау шараларын қолға алды. Ел Президентінің ынтымақтастыққа шақыруы азаматтар мен бизнес тарапынан кең қолдау тапты. Алғашқылардың бірі болып бизнес-қоғамдастық зардап шеккендерге көмек қолын созды. Жалпы сомасы 250,5 миллиард теңге жиналды. Қаражатты ірі компаниялар, кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар қайырымдылық ретінде аударды.
Қомақты қаражат бөлген ұйымдар қатарында World Green Company, Jusan Bank, ERG, Базис-А, Samruk-Kazyna Trust, ҚазМұнайГаз, Қазмырыш, Halyk Bank, Kaspi, Қазақстан халқына қоры және басқа да ұйымдар бар. Жеке тұлғалар арасында Мұхамед Избастин, Айдын Рахымбаев, Андрей Лаврентьев, Нұрлан Смағұлов, Қайрат Итемгенов және тағы басқалары белсенділік танытты.
Меценат әрі кәсіпкер Мұхамед Избастин көпжылдық қайырымдылық тәжірибесінің аясында «Қазақстан халқына» қорына 450 миллион теңге аударды. Ол: «Бұл сынақты бірлескен күш-жігерімізбен жеңеміз. Қиын кезеңдерде қазақстандықтардың мейірімділігі мен бірлігі ұлттық ерекшелігіміздің айғағы», – деп атап өтті.
Бизнес тарапынан қолдау Андрей Лаврентьев те маңызды көмек көрсетті. Қостанайлық машина жасаушылар эвакуациялау және қолдау жұмыстарына 250 адам жұмылдырды. Allur зауыты арнайы техника бөлсе, AGROMASH зауыты зардап шеккендерге баспана ұсынды.
Қазақ халқы ежелден асар, жылу жинау, шүлен тарату сияқты қайырымдылық дәстүрлерімен танымал. Бұл тек қазақ мәдениетінің емес, ислам дінінің ажырамас бөлігі. Сондықтан қазіргі кәсіпкерлер мен азаматтар осы игі дәстүрлерді жалғастырып, зардап шеккендерге қол ұшын берді.
Фото: "Қазақстан халқына" қорының Баспасөз қызметі
Елімізде жүздеген қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді. Солардың ішінде «Қазақстан халқына» қоры ерекше беделге ие. Қор денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетумен танымал. Оның ресурстары ірі әлеуметтік жауапты бизнес өкілдерінің аударымдары есебінен толықтырылады. Қор бүгінгі таңда 17 қайырымдылық жобаны іске асырып, олардың санын екі еселеуді жоспарлап отыр.
Су тасқыны еліміз үшін үлкен сынақ болды. Алайда халық пен бизнес өкілдерінің бірлігі, қайырымдылыққа деген шынайы ұмтылысы бұл қиындықты еңсеруге мүмкіндік берді. Мұндай ынтымақтастық еліміздің бірлігі мен жанашырлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.