12.12.2024, 17:00

Димаш Құдайберген «Қазақстанның ізгі ниет Елшісі» мәртебесін алды

Фото: dimashnews.kz

Ізгі ниет Елшісінің мәртебесі тек бедел ғана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. 

2024 жылы 9 желтоқсанда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Қазақстанның Ізгі ниет Елшісі» мәртебесін алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстанның ізгі ниет Елшілері» жобасы Мәдениеттер мен халықтар арасындағы диалогты дамытуға, сондай-ақ елдің танылуын арттыруға және оның жетістіктерін шетелде танымал етуге бағытталған. Жоба 2024 жылдың 6 маусымында басталды.

2024 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің қатысуымен «Қазақстанның ізгі ниет елшілерін» тағайындау жөніндегі екінші салтанатты рәсім өтті.

Жобаға қатысу үшін Халық әртісі Димаш Құдайберген, опера әншісі Мария Мудряк, тележүргізуші және мәдени жобалардың продюсері Майя Бекбаева, археолог және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Дмитрий Воякин, «Qazaq Geography» басқарма басшысы, этнограф ғалым Әйгерім Мұсағажинова шақырылды.

Қазақстанда ізгі ниет Елшілерінің табысты халықаралық тәжірибесіне өнер, спорт, ғылым, медицина және басқа да салаларда табысқа жеткен отандастарды тарту – елдің беделін нығайтуға және бейбітшілік, достық пен халықаралық ынтымақтастықтың жолсерігі болып табылатын мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған.

«Ізгі ниет Елшісінің мәртебесі тек бедел ғана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Жоба аясында біз мәдениет, өнер, ғылыми прогрес, инновациялар, спорттық жеңістер, креативті шешімдер мен туристік әлеует сияқты маңызды дүниелермен және Қазақстан халқының басты құндылығы – бейбітшілік пен келісімді сақтаумен таныстыруды жалғастыруға ниеттіміз», − деп атап өтті А.Рахметуллин.