Барлық күдікті ұсталды.
Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың өліміне қатысты дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Прокуратураның мәліметінше, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.
«Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу және Нұрғанат Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Алматы облысының прокуратурасы қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды.
Сондай-ақ уәкілетті органдардың ресми мәлімдемелеріне ғана сенген жөн екенін еске салды.