Жолаушылар тарапынан сұраныс көбейген.
Көлік министрлігі алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Сұранысты қанағаттандыру мақсатында 2024 жылғы 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері саны артады.
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады.
Аймақтар бойынша қосымша вагондар:
2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қаламаңы бағытында 6 вагон бойынша 3 қосымша электр пойызы іске қосылып, 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:
№201/202 "Астана – Алматы" пойызы:
Министрлік сонымен қатар, теміржол билеттерінің құны еш өзгеріссіз қалатынын алға тартты.
Сонымен қатар мереке қарсаңында әуе рейстері де көбейеді.
Қазір қосымша 91 әуе рейсі іске қосылған. Оның ішінде "SCAT" әуекомпаниясы 39 рейс:
"Эйр Астана" әуекомпаниясы 10 рейсті қосты:
"FlyArystan" 39 рейс қосты:
"Qazaq Air" 3 рейс қосты:
“Ішкі бағыттар бойынша тариф көтерілмейді, өзгеріссіз қалады. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Билетті алдын ала сатып алған абзал.
Әуе компаниялар техникалық мүмкіндікті ескере отырып, мереке күндері рейстерді ұлғайту жұмысын әлі де жалғастырады”, – делінген хабарламада.