Сөйтсем, еліміздің Қылмыстық Кодексінде «СТАЛКИНГ» яғни қудалау, ізінен қалмау деген ұғым да, бұл қылмысты жазалайтын жол да жоқ екен ғой.
Әлеуметтік желі жұлдына айналған коуч Роза Әшірбаева қоғамдағы сталкинг тақырыбын көтеріп, қыздарға ақыл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Неліктен мен бұл тақырыпты бүгін көтеріп жатырмын? Өйткені дәл қазір Мәжілісте депутаттар Қылмыстық Кодекске сталкинг туралы норма енгізуді талқылап жатыр. Бұл заң жобасының жұмыс тобын депутат Абзал Құспан @abzalkuspan жетекшілік етіп отыр.
Абзал Темірғалиұлы — мықты білікті заңгер. Мәжілісте Батыс Қазақстан облысынан сайланған бір мандатты депутат. Құқұыққорғаушы органдарда жұмыс істеген маман болған соң проблеманы жақсы біледі, соның арқасында ол кісі бұл заң жобасын қорғап шығуға барын салады деп үміттенемін. Ал біз, құрметті оқырман, белсенді азамат ретінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші заңдардың қабылдануын қолдауымыз керек.
P.S. Соңғы слайдтарда менің оқырмандарымның шынайы оқиғасы. Осы заң қабылдансын десеңіз репост жасаңыз», — деп жазды ол желідегі парақшасында.
Ол тіпті, бұрынғы жігіті ізіне түсіп, қалмай қоятын қыздарға не істеуге болатынын үйретті.
«Роза ханым, бывшыйым артымнан қалмайды, блоктап тастасам да басқа номерден жазады, өзім нөмер ауыстырсам бәрібір тауып алады. Не істесем болады?» деп сұрақ қойған қыздарға: «Полицияға арыз жаз!» деп талай жауап бергенмін. Сөйтсем, еліміздің Қылмыстық Кодексінде «СТАЛКИНГ» яғни қудалау, ізінен қалмау деген ұғым да, бұл қылмысты жазалайтын жол да жоқ екен ғой», — деп жазды Роза Әшірбаева.