17 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 17-19 желтоқсан аралығында ауа райы болжамы қандай болатынын жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
17 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 12-14 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.
18 желтоқсан: көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстіктен екпіні 9-14 м/с жел соғады. Түнде температура 10-12 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз.
19 желтоқсан: көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын соғады. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде температура 6-8 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
17 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде кейде тұман. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 14-16 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.
18 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.
19 желтоқсан: көшпел бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 7-9 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.