$ 524.02  545.19  5.09

63 жастағы ақсақал 48 келі гір тасын көтеріп, көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақсақалдың өмірін көпке үлгі етіп жатыр. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал тәлімгер, психолог Мұхамеджан Тазабек ұлының үйлену тойында ерекше қонақты көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тәлімгер өзін спортқа баулыған 63 жастағы ұстазы 48 келі гір тасын көтеріп, көпшілікті таңғалдырды. 

“Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” деген рас қой?! Мені бала кезімнен спортқа баулып, таэквондаға да, күреске де үйреткен ауылдағы ұстазым осы кісі. Қазір 63-қа келсе де күш-қуаты тасып тұр. Алла берекесін берсін! Қанша жасқа келсек те “қартайдым” деп сылтау айтпай, Болат ағамыз сияқты өзімізбен жұмыс істеуіміз керек”, – деп жазды тәлімгер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақсақалдың өмірін көпке үлгі етіп жатыр. 

“Тойда билете бермей, осындай ойындар ойнатса болады екен”, “Жылдар бойы салауатты өмір салтын ұстанса, нәтиже осындай болмақ”, “Сүйегі асыл азамат” деп осындай кісілерді айту керек”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары