$ 522.63  548.66  5.07

«Бірінші сынып оқушысы»: Қазақша әрең сөйлеген вице-министр оңбай сынға қалды (ВИДЕО)

Мына тілді қайдан оқып келдің?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шымкентте ел алдына шығып, “Ақылды қала” туралы қазақ тілінде сөз сөйлеген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Вице-министр әлдебір бағдарламаның уақытты үнемдеп, қашықтан құжат алмасуға және жұмысты автоматтандыруға көмектесетіні туралы айтып жатыр. Алайда қағаздағы мәтінді өзі түсінбестен, ежіктеп оқып тұрғанын байқауға болады. Кейін қазақ тілінде жазылған баяндаманы оқып қиналып кеткені сонша, Оразбек Асхат шашымен алысып кетті. 

Оның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды.

“Мұндайларды мемлекеттік қызметтен құрту керек”, “Недеген масқара”, “Неміс шенеунік неміс тілінде жазылған баяндаманы оқи алмай тұрса, қалай болар еді? Ұят-ай”, “Өзім масқара болғандай ұялып тұрғаным”, “Бірінші сынып оқушысы”, “Мынау не деді”, “Мәңгүрт”, “Мына тілді қайдан оқып келдің?”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 8

Серіктес жаңалықтары